Жаназа намазына қатысты талаптар туралы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Жаназа намазына қатысты талаптар:
Жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысу; Жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысу; Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау; Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспау; Жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық нормаларды (бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық) сақтау; Індеттен қайтыс болған мәйітті дәрігердің нұсқаулығына сай жуу; Жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау; Жаназа намазы барысында қол алысып амандаспау; Жаназа намазының сабын түзегенде кемінде екі метр қашықтықты сақтау; Қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару; Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер мен әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау; Қонақ асын өткізбеу; Жаназадан кейінгі асты өткізбеуге немесе отбасы мүшелерімен шектелу.