КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын елде коронавирусқа қалай жол бермейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оның айтуынша, вирус Орталық комитеттің Еңбек партиясы және халықтың үйлесімділігінің арқасында таралмай отыр.
"Құрметті Жоғарғы қолбасшы! Эпидемияға қарсы алты айлық мемлекеттік Төтенше жұмысты нақты талдап, денсаулық сақтау саласындағы әлемдік дағдарысқа қарамастан, біз қатерлі вирустың біздің аумаққа енуіне жүз пайыз тосқауыл қоямыз және індетке қарсы тұрақты жағдайды сақтаймыз", − делінген орталық телеграф агенттігінің хабарламасында.
Ресми мәлімет бойынша, КХДР-сы бүгінгі күні коронавирусты жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.