Алматы облысы, Жаркент қаласының тұрғыны 77 жастағы қарт әйелді үйіне түн ауғанда баса-көктеп кіріп соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарақат алған қарт әйел шұғыл түрде Жаркент қаласының ОАА қабылдау бөліміне жеткізілген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны анықталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өкінішке қарай, соққыны көтере алмаған қарт әйел кеше көз жұмды. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 106 бабының 3-бөліміне тіркеліп, ісі сот алдына жіберілді.