• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Қазан, 2013

Футбол. Фарер аралдары мен Қазақстан ойнайды

254 рет
көрсетілді

Бүгін, 11 қазан күні түнде футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінде өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайтын Фарер аралдары командасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Фарер аралдары футбол федерациясының дерегіне сілтеме жасаған Vesti.kz тілшісі хабарлады. Сонымен, Қазақстанмен ойынға арал-мемлекеттің жасағы мынадай старттық құрамда шығады: қақпашы Гуннар Нильсен, қорғаушылар Йонас-Тор Нес, Йохан Давидсен, Рогви Бальдвинссон, Вильормюр Давидсен, жартылай қорғаушылар Даниель Удсон, Фроуди Беньяминсен, Халлюр Ханссон, Поул Юстинуссен, шабуылшылар: Кристиан Хольст, Йохан Эдмундсон. Запаста Кристиан Йоэнсен, Симун Рогвен Хансен, Кристиан Моуритсен, Суни Ольсен, Рол Даниельсен, Эрлинг Якобсен, Хейни Ватнсдаль, Палл Клеттскар, Финнур Юстинуссен сынды ойыншылар бар. Айта кетейік, матч Астана уақытымен 22:55 сағатта басталады. Ол «Қазақстан» және KazSport арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан құрамасы қазір 8 ойыннан кейін 4 ұпаймен С тобында ең соңғының алдында келеді. Ал соңғы орында Фарер аралдары командасы тұр. Онда әзірге ұпай жоқ. Фарердің бас жаттықтырушысы сол олқылықты бүгін толтыруға тырысатындарын жеткізді. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар