"Қазгидромет" РМК 4-6 шілде аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы түнде біртіндеп 5-10 дейін, кей жерлерде 13 жылыға дейін төмендейді. Тек батыста Иран аудандарынан келетін құрғақ ауа массаларының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы байқалады. Сондай-ақ ауа температурасының түнде 17-25 дейін, күндіз 32-40 жылыға дейін жоғарылауы мүмкін", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қарағанды облысында да тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей аудандарында дауылды ескерту ықтималдылығы бар. Қарағанды мен Жезқазған қалаларында найзағай күтілуде. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.