• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2020

Астана қаржы орталығына 500-компания тіркелді

439 рет
көрсетілді

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) АХҚО-ның қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) 500-ші компанияны тіркегенін хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Соңғы жылдары АХҚО қарқыны өсіп, әлемнің 42-ден астам елінің компаниялары қаржы орталығына келіп тіркелді. Аталған компаниялар Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, РФ, Эстония, Латвия, Италия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Үндістан, БАӘ, Түркия және тағы басқа да елдерден. Бүгінде мәмілелерді ашық және тиімді жасасу үшін АХҚО өз қатысушыларына қаржы құралдары мен тетіктерінің кең спектрін ұсынады.

АХҚО юрисдикциясындағы 500-ші компания SWISSFE CENTRAL ASIA LTD болды. SWISSFE LTD Германияда, Голландияда, Австралияда, АҚШ-та, ҚХР-да, Үндістанда, Малайзияда, Ұлыбританияда, Сербияда, Чехияда, Оңтүстік Кореяда, Испания мен Данияда жылжымайтын мүлік пен активтерді басқарумен айналысатын жеке меншік жаһандық инвестициялық компания. 2020 жылы компанияның басқаруында 1,8 млрд швейцариялық франк сомасына активтері бар. SWISSFE LTD өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық активтерге ерекше назар аудара отырып, жоғары сапалы инновациялық активтерге инвестиция салады.

"Бүгін біз АХҚО ресми ашылғаннан 2 жылдан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті және АХҚО-ның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған тарихи жетістікті атап өтеміз. Осы кезеңді еңсере отырып, біз инфрақұрылым құруды аяқтап, енді біртіндеп іскерлік белсенділікті арттыру мен өңірге инвестиция тартуға жәрдемдесуге көшіп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанымызды қуана хабарлаймыз", деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

АХҚО қатысушылары өз қызметін банк ісі, сақтандыру, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, несиелік рейтингтер, заңгерлік кеңес беру, бухгалтерлік есеп, холдинг компанияларының қызметі және басқа да салаларда жүзеге асырады. Қазіргі уақытта АХҚО банк секторының активтері 365 млн АҚШ долларына жетті, капитал нарығы да өсім көрсетті. Ал тартылған акционерлік капитал 291 млн АҚШ долларын құрады.