"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметкерлері алғашқы шойынның мерейтойына орай Қазақстан Магниткасының тарихына арналған сайт әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді комбинат тарихымен танысқысы келген кез келген адам келесі сілетеме бойынша онлайн фототаспаға түседі - history.arcelormittal.kz. Сайт үшінші шілде күні 15 сағат 7 минутта жұмыс істей бастады, дәл алғашқы шойын шығарылғаннан 60 жылдан кейін.
Комбинаттың фотоархиві домна алғашқы шойынын бергеннен бұрын басталған. 1959 жылы түсірілген суреттерден қара металлургия алыбы бой көтерген жерде бұрын иең дала болғанын көруге болды. "Металлург" газетінде комбинаттың тарихи кадрлары жиі жарияланып тұрады, бірақ олардың бәрін толықтай бір жерден көру мүмкін емес болатын. Оның үстіне, заманауи технологиялар қолда бар ақпаратты жүйелендіріп, мәңгі сақтаудың мүмкіндігін берді.
Аталмыш интернет-ресурсты әзірлеу идеясы кенеттен келіп, компанияның ІТ-мамандары тарапынан қолдау тапты. Сәуір айында бағдарламашылар дайындық жұмыстарына кірісті, ал баспасөз қызметінің қызметкерлері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкерлерімен бірлесіп сайтты толтыру үшін ақпарат жинаумен және өңдеумен айналыса бастады.
– Біз әрдайым бұндай игі бастамаларды қолдаймыз және тарихты сақтау - ең алдымен өзімізге және өз Отанымызға деген құрмет деп есептейміз, - дейді Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Саргизова. – Біз Елбасы еңбек жолын бастаған комбинаттың тарихын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығының халыққа жеткізу ниетін қолдадық.
- Бұл өте қызықты тәжірибе болды. Сайтты әзірлеу кезінде мен техникалық жұмыспен ғана айналысып қоймай, металлургия комбинаты мен Теміртау тарихымен таныстым, - дейді сектор бастығы Рустам Акишев.
Оның серіктесі - инженер-бағдарламашы, қосымшаларды әзірлеуші Влад Долгополов электронды фотошежіре дайындауға қатысты.
- Жұмыс жеңіл болмады, бірақ өте қызықты болды, - деп қорытындылады Влад.