• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Қазақтың Қалижанына құрмет

467 рет
көрсетілді

Арқалы ақын Қалижан Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойы облыс көлемінде атап өтілді. Мерейтойлық шара ақын ескерткішінің салтанатты ашылуынан басталды. Оған елімізге танымал қаламгерлер, ақынның туған-туыстары, қала жұрт­­шылығы қатысты.

Арқалы ақын Қалижан Бекхожиннің 100 жылдық мерейтойы облыс көлемінде атап өтілді. Мерейтойлық шара ақын ескерткішінің салтанатты ашылуынан басталды. Оған елімізге танымал қаламгерлер, ақынның туған-туыстары, қала жұрт­­шылығы қатысты.

– Қалижан Бекхожин лирик-ақын, драматург, әдебиет сыншысы болды. Өскелең ұрпақ осындай даңқты адамдары жайлы білуі қажет, – деді өз сөзінде облыс әкімі Ерлан Арын.

Айтса айтқандай, ақын өлең­дері, поэмалары – әдебиетіміздің қазынасы. Бар өмірін шығарма­шылыққа арнаған айтулы ақын «Ақсақ құлан», «Кек», «Дала ко­мисары» сияқ­ты поэмалық шы­ғармалар жазды. Зайыбы Зайда Бекхожина ағаларың қайталанбас өлең әлемін жасаған ақын еді ғой, құрмет көрсеткен елдің ғұмыры баянды болады, деп ризашылық білдірді.

Ескерткіштің ашылу салта­натында көрнекті қаламгерлер Әб­діжәміл Нұрпейісов, Тұр­сын­бек Кәкішұлы, Ұлықбек Ес­дәулет, Ғалым Жайлыбай, журналист Сейітқазы Матаев, т.б. қатысты.

– Қалижан Бекхожин сияқты дара тұлғаның еңселі ескерткіші кейінгі ұрпаққа мұра болып қалады, – деді Әбдіжәміл Нұрпейісов.

Ес­керткіш облыс орталы­ғын­дағы Сәтбаев пен Луначарский көшелерінің қиылысында, 100 жылдық тарихы бар Ақ мешітке таяу жерде орналасқан. Оның авторы – Мұрат Мансұров. Облыс орталығында ақынның атында көше және орта мектеп бар.

Бұдан кейін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университетте Қалижан Бекхожиннің өмір жолы мен әдеби мұрасынан толық мәлімет беретін арнаулы веб-сайттың тұсауы кесілді. Қазақ әдебиетінің қоры тағы да бір электронды кітапханамен толықты. Бұл веб-сайт «Бекхожиннің шығар­машылығы және қазақ поэзиясы» атты ғылыми-практикалық конферен­циясы аясында жүзеге асты. Сөйтіп, ақын 20-дан ас­там поэмасын, 40-тан астам өлең жинақтарын бүгінге мұра етті. Сондай-ақ, фото­мұрағат, бей­не бөлімін де тамашалап, қонақ парақшасына пікір-ле­бі­зін тіркей алады. Торайғыров университетінде өткен «Қалижан Бекхожиннің шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы» ат­ты ғылыми-практикалық конференциясында халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, облыс әкімі Ерлан Арын, Президент те­лерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин, ақынның зайыбы Зайра Бекхожина, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішұлы, филоло­гия ғылымдарының докторы Бауыр­жан Омаров рухани танымдық та­қырыпта баяндамалар жасады. Конференция жұмысына Түркия мен Әзербайжан елдерінен келген қонақтар, Қазақстан Жазу­шылар одағының жергілікті жер­дегі мүшелері, ақын-жазушылар қатысты.

Ақынның мерейтойына ар­налған алғашқы күн Естай атын­­дағы қалалық мәдениет сарайында әдеби-музыкалық кешпен аяқталды. Онда ақынның өмірі жайлы бейнефильм көрсетіліп, шығармалары оқылды. Опера әншісі Шахмардан Әбілов, Ал­маты опера және балет театрының со­лисі Есекелді Рыза, Иса Бай­за­қов атындағы облыстық филар­монияның әртістері өнер көрсетті. Мерейтойлық шаралар барысы екінші күні Баянауыл ауданында ұлттық спорт түрлерінен жарыстармен жалғасты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар