• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Келіссөздердің кезекті раунды

225 рет
көрсетілді

Астанада «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің 13-ші отырысы және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша келіссөздердің төртінші раунды өтті.

 

Астанада «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің 13-ші отырысы және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша келіссөздердің төртінші раунды өтті.

Қазақстан делегациясын аталмыш іс-шаралардың екеуінде де Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, ал Еуропа делегациясын Еуропалық Одақтың сыртқы әрекеттер қызметінің Ресей, Шығыс әріптестік, Орталық Азия, аймақтық ынтымақтастық пен ЕҚЫҰ мәселелері жөніндегі директоратының директоры Гуннар Виганд бастады.

Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті жан-жақты кеңейту мен күшейту саясаты шеңберінде комитет отырысына қатысушылар сауда мен инвестициялар, энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау мен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлермен күресудегі бірлескен күш-жігерлер мен адам құқықтарының қамтамасыз етілуі мәселелерін қозғады.

Жаңа келісім бойынша келіс­сөз­дер жұмыс топтары мен пленарлық сес­сия пішінде өтті, тараптар бола­шақ келісім жобасының саяси, сау­да-экономикалық, құқықтық, қаржы­лық және гуманитарлық ын­ты­мақ­тастық мәселелерін қамти­тын барлық тарауларын пысықтады.

Тараптар Қазақстан мен ЕО ара­­сын­дағы екіжақты ынтымақ­тас­тықтың сапалы жаңа, анағұрлым жетілген деңгейін көрсетудегі жә­не олардың ұзақ мерзімді тең құқы­лы әріптестігінің берік негізін қам­та­масыз етудегі келісімді дайындауға өз мүддесін тағы бір мәрте растады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар