Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Владимир Редкокашин Ыстықкөл қаласында өткен «Орталық Азия: бірыңғай білім беру кеңістігін құру мәселелері» атты бірінші Орталық Азиялық конференцияға қатысты.

Конференция Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін құру, аймақтағы жоғары оқу орындары арасында өзара тиімді тұрақты әріптестік қатынастар орнату, студенттер мен оқытушылардың сапарларын көбейту, сонымен бірге, салалық жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуды арттыруға бағытталған.
Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан парламенттерінің депутаттары, сондай-ақ, министрліктер өкілдері қатысты.
Конференция Қырғызстан Жогорку Кенешінің 75 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.