Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Бүгінгі таңда ауруханаларда КВИ-ды емдеу үшін дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мекемелерде 17 700 адамның жатқанын ескере отырып, арнайы болашақта кепілдік болу үшін 27 000 науқас дәрілік заттармен қамтамасыз етіліп отыр", деп айтты Премьер-министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, аймақтар арасында 4000 науқас үшін 165 мың таблетка "лопинавир", "ритановир" таратылуда. 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қосымша келесі дәрілер жеткізілетін болады."Бүгінгі таңда МӘМС шеңберінде тегін дәрі-дәрмек, препараттар тізбесі бар. Оған ЖРВИ, ауруханадан тыс пневмониялар кіреді. Бұл препараттар тізіміне антибиотиктар, қызуды төмендететін дәрілер кіреді. Оларды мобильді топтармен тегін жеткізу қарастырылған", деді Ералы Тоғжанов.