• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Отанымызда орман тапшы

312 рет
көрсетілді

Осы проблемаға аздап болса да үлесімізді қоссақ, ұтарымыз көп болмақ

Мәжілісте палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Андрей Бегенеев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровқа депутаттық сауал жолдаған еді. Онда былай делінеді:

 

Осы проблемаға аздап болса да үлесімізді қоссақ, ұтарымыз көп болмақ

Мәжілісте палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Андрей Бегенеев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровқа депутаттық сауал жолдаған еді. Онда былай делінеді:

«Еліміздің ұлан-ғайыр даласының сәйкес аумақтарын жасыл желекке бөлеудің аса маңызды екені анық. Қазақстанда орманды алқап елдің жалпы аумағы көлемінің 8-10 пайызын ғана құрайды. Сондықтан да Мемлекет басшысының бастамасы бойынша құрылған Астананың «жа­сыл белдеуінің» өзге өңірлерге де үлгі ретінде таралуы лайықты бастама бо­лып отыр. Оның маңыздылығы туралы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер біз жыл сайын­ барлық облыс­та көгалдан­дыру ісімен айналысатын бол­сақ, онда Қа­зақ­стан­ды жасыл желек­ті елге айнал­дырамыз», деп атап өткен болатын.

Жасыл желекті көбейту мақсатында құрылған республикалық және жер­гілікті деңгейде мамандандырылған мемлекеттік құрылымдар және тиісті қызметтер бар, «Зеленстрой», «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы түріндегі және басқа да екпелер бар. Сенбіліктерде тал-теректерді отырғызу дәстүрге айналған. Алайда, Ресейдегі сияқты ағаш егу күні жоқ. Орманы көп болса да, көрші елде 18 мамыр Бүкілресейлік ағаш отырғызу күні болып белгіленген.

Ынталы адамдардың бастамасы бойынша өткізіліп жүрген қазақстандық сен­біліктер бюджет қаражатын да шы­ғын­дайды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясынан сайланған депутаттар ретінде бізді «Қазақстанның қай жерінде және қандай ағаштар түрі егіледі, ең бастысы, соның қаншасы өсіп шығады?» деген сұрақтар толғандырады. Өйткені, Қа­зақстанның көптеген аймағында әлі күн­ге дейін тоғай да, бір шоқ бұта да жоқ.

Сол себепті «Ормандарды дамытуға, аумақтарды көгалдандыруға респуб­лика бойынша тұтастай алғанда және өңірлерге бөлгенде мемлекет қаражаты қалай жұмсалады?» деген сұрақ туындап отыр».

Соңғы жаңалықтар