Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Директорлар Кеңесі Delloitte компаниясы холдингтің тапсырысымен жүргізген 10 еншілес компанияның ағымдағы қаржылық ахуалын диагностикалау қорытындыларын қарастырды. Жетістіктермен қатар, әрбір компанияның жұмысындағы жүйелі сипаттағы кемшіліктер де анықталды. Олардың арасында берілген несиелер мен инвестициялар, түйткілді активтер сынды өткен жылдардан қордаланып қалған мәселелер бар.
«Егемен-ақпарат».