Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Бүгін ел бойынша стационарларда ПЦР нәтижесі теріс, пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Пациенттердің 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 науқастың жағдайы ауыр. Бұдан басқа стационарларда ковидқа ПЦР нәтижесі теріс, жедел-респираторлы вирустық инфекция немесе басқа тұмау аурулары деген диагнозбен 4 мыңнан астап пациент емделуде", деді вице-министр.