Ақтөбеде екі баланың жоғалғаны туралы шағым келіп түсті. Бұл туралы Ақтөбе қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
3 шілде күні полицияға қала тұрғыны хабарласып, 14 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы арызданады.
Жасөсіпірім 30 маусымда кешке үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында қыз баласы табылды. Анықталғандай, ол құрбысының үйінде болған.
Ал 5 шілде күні "102" телефонына Ақтөбе қаласының тұрғыны арызданған. Ол тоғызыншы сыныпта оқитын қызының 4 шілде күні үйден шығып кетіп, қайтып келмегенін хабарлады. Сол күні жасөспірім құрбысының үйінде қонақта болған.