• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Шілде, 2020

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

613 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін, сағат 09.32-де жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 844 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,6. MPV магнитудасы – 4,4. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген.