• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Өз елінде тұрып, өзінің ана тілінде оқуға мүмкіндігі жоқ

385 рет
көрсетілді

Мұны қалай, немен түсіндіруге болады?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2025 жыл­­­ға қарай қазақстандықтардың 95%-ы қазақ­ тілін білуге тиіс деген міндет қойға­нын бәріміз жақсы білеміз. Мемлекеттік тілді оқып, үйрену балабақша мен мек­тептерден басталатыны баршамызға аян. Бұл бағытта республикада бірқатар жұмыстар атқарылуда. Елімізде оқу­шы­лардың 64%-дан астамы қазақ тілінде оқытылады. 30 мыңнан астам басқа ұлт өкілдері қазақ сыныптарында оқиды. Биылғы оқу жылынан бастап барлық мектептерде қазақ тілінде жүргізілетін «Өлкетану», «Алаштану», «Абайтану» курстары енгізілді. Бұл курстар қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтумен қатар, оқушылардың ұлттық, отаншылдық сана-сезімін дамытуға оң ықпал етеді. Алайда, тіл мәселесін шешудің басты, негізгі тетігі іске қосылмай келеді. Ол – мемлекеттік тілге деген ынта, қажеттілік.

Бүгінде негізгі мемлекеттік лауазым иелері Үкіметтен бастап, билік тізгінін ұстап отырған басшылар, мемлекеттік қызметшілер міндетті түрде мемлекеттік тілді білуі керек деген қағида басшылыққа алынбайды. Мемлекеттік тіл мемлекеттік дәрежеде талап етілмегендіктен, көп азамат Қазақстандағы қазақ тілінің болашағына сеніңкіремейді. Сондықтан да, оны үйренуге ынталанбайды, балаларын орыс тілді мектептерде оқытады. Бүгінде қазақ балаларының 37%-ының орыс мектептерінде оқуы соның айғағы.

Қазақ тілінде оқитын мектептер саны қалаларда аз, олар небәрі 15%-ды құрай­ды. Еліміздің кейбір өңірлерінде қазақ тілінде оқытатын мектептердің жоқтығынан 161 ба­ла өзбек тілінде, 101 бала ұйғыр ті­лін­де оқуға мәжбүр. Олар­дың өз елінде тұрып, өзінің ана ті­лінде оқу­ға мүмкіншілігінің болма­у­­­­­ын қа­­лай түсінуге болады. Қазақ ба­­ла­­­­ла­рының қазақша оқуын қамта­ма­сыз ету мәселесімен Үкіметтен бас­тап жер­гілікті атқарушы органдар тия­нақ­ты айналысып, ата-аналар арасында түсін­діру жұмыстарын жүргізіп, қазақ мек­тептерінің мәртебесі мен әлеуетін көтеру, материалдық-техникалық базасын нығайту, мұғалімдер біліктілігін арттыру бағыттарында қосымша шаралар атқарулары тиіс.

Еліміздегі 10 мыңға жуық балалар тәрбиеленетін балалар үйлерінде тәрбиешілердің көпшілігі орыс тілді азаматтар болғандықтан және оқу үдерісі орыс тілінде жүргізілетіндіктен, балалардың көпшілігі мемлекеттік тілді білмейді. Сондықтан, бұл үйлерде оқу үдерісін қазақ тілінде жүргізіп, мем­лекеттік тілді білетін тәрбиешілер жұ­мыс істеулері керек. Балалар үйлерін­де­ тәрбиеленетін бүлдіршіндер мемлекет­тік­ тілді толық меңгерген, еліміздің нағыз патриоты болып шығуы тиіс. Орыс тілді мектептерде қазақ тілінен дәріс беретін ұстаздар жетіспейді. Олардың сапасы төмен. Бұл аздай, Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 8 қарашасындағы №500 бұйрығымен бекітілген жаңа оқу жоспарында қазақ тілді емес мекептердегі қазақ тілінің апталық оқу жүктемелері азайтылып, қазақ тілі пәнінің сағаты бастауыш сыныптарда 133 сағатқа немесе 28%-ға, ал жоғары сыныптарда 340 сағатқа немесе 40%-ға қысқартылған. Бұл – тіптен түсініксіз жәйт.

Өзге тілді мектептерде мемлекеттік тілді толық меңгеріп шығудың ең пәрменді тетігі, бірден-бір жолы қазақ тілінен тест тапсыру қорытындысын жоғары оқу орындарына түсу кезінде міндетті түрде есепке алу екендігі айдан анық болса да, бұл мәселе көптен бері шешімін таппай келеді. Мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында орыс тілді мектептерде «Қазақстан тарихы», «География», «Өлкетану» пәндерін қазақ тілінде оқытуды ендіру қажет. Бұл тәжірибе қазір Назарбаев зияткерлік мектептерінде, Қазақ-түрік лицейлерінде бар. Бұл курстар қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, өзге ұлт балаларының халқымыздың мәдениеті мен тарихына қызығушылығын арттырып, әлеуметтік-экономикалық фактілер мен құбылыстарды қазақ тілінде танып-білу, талдап-қорыту қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған мәселелер мем­ле­кеттік тілдің мәртебесін арттырады, қа­зақ тілін оқып үйренуге, меңгеруге то­лық жағдай жасайды, Елбасымыз Н.Ә.На­­зарбаевтың мемлекеттік тіл туралы қой­ған міндеттерін орындауға үл­кен үлес қосады деп ойлаймын. Сон­­дықтан, Үкі­меттің осы мәселелер бо­йынша тиісті шешім қабылдағаны қажет-ақ.

Қуаныш АЙТАХАНОВ,

Сенат депутаты.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

Соңғы жаңалықтар