• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Президент тапсырмаларынан туындайтын міндеттер қаралды

262 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкіметтің кеңейтілген оты­ры­сында тыңдалған әлеумет­тік-экономикалық даму қоры­тын­дылары бойынша Мемлекет басшысы бірқатар маңызды мін­деттер қойды. Президент сөзінен туындайтын негізгі сәттерге назар аудара отырып, С.Ахметов осы тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар күш-жігерлерін үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Бюджет саясаты мен мем­ле­­кеттік сатып алулар жүйесін оң­тайландыру саласында Үкімет басшысы жыл соңына дейін барлық деңгейдегі орталық мемлекеттік органдар басшыларының бөлінген бюджет қаржыларын, соның ішінде трансферттерді де барын­ша игеруді қамтамасыз етуі қа­жет­тігін атап көрсетті.

Сол сияқты Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмаларын ескере отырып, мемлекеттік және са­ла­­лық бағдарламаларды ин­вен­та­ризациялау жұмыстарын жал­ғастыру қажет, дей келіп, С.Ах­метов бірқатар көрсеткіштер бой­ынша өсімді, соның ішінде еңбек өнімділігін қамтамасыз ете­тін бағдарламаларды анықтау қа­жеттігін атады.

Мемлекеттік сатып алулар мәселесіне қатысты С.Ахметов Қаржы министрлігіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, мүдделі мем­ле­кеттік органдармен, өңірлер әкімдерімен бірлесіп, заңнаманы жетілдіру жөнінде нақты ұсы­ныс­тар енгізуді ұсынды. Сон­дай-ақ, ол барлық тендерлік комиссия­ларды орталық мемлекеттік ор­ган­дардың бірінші басшылары мен өңірлер басшыларының бас­қаратынын атап көрсетті.

Кәсіпкерлікті дамыту жө­нін­дегі Президент тапсырмаларын орындау тұрғысында Экономика және бюджеттік жоспарлау ми­нистрлігі холдингтермен және ұлт­тық компаниялармен бірлесіп, олар­ды жеке секторға бере отырып квазимемлекеттік субъектілерді оңтайландыру жөніндегі жұ­мыс­тарды жалғастыруы тиіс.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы мем­­лекеттік индустриялық саясатты одан әрі жүзеге асыру, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі, пайдаланылмайтын жерлерді инвентаризациялау мәсе­лелеріне қатысты да бірқатар тапсырмалар берді.

Өңірлік саясатты одан әрі дамы­ту мәселесіне қатысты С.Ах­ме­тов Өңірлік даму министр­лігі алдына мемлекеттік бағдар­ламаларды инвентаризациялау шеңберінде өңірлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру тиімділігіне талдау жасау жә­не оларды оңтайландыру жө­нін­де ұсыныстар енгізу туралы міндет қойды. Экономика жә­не бюд­жеттік жоспарлау ми­нистрлігі мен Өңірлік да­му ми­нистрлігі өңірлік даму сала­сындағы өздерінің функциялары мен өкілеттіктерін қайта қарау мәселесін ойластырып, Үкіметке ұсыныстар енгізуі тиіс.

Бүтіндей алғанда өңірлік сая­сат саласындағы жұмыстардың жүйелілігі мен үйлестірілуін Өңірлік даму министрлігі жүзеге асыратын болады. Бұл орайда Экономика және бюджеттік жос­парлау министрлігімен бірлесе отырып қаралатын өңірлерді да­мытудың барлық бюджеттері қа­лыптастырылуы тиіс, деді С.Ахметов.

Әлеуметтік жаңғырту саласында, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

С.Ахметов Президент өткізген кеңес қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда кешенді жоспар әзірлеу жөнінде өкім берді.

Сол сияқты Үкімет басшысы өңірлер әкімдерінің назарын елді мекендердің алдағы қысқа дайындығы, әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларының тұрақтылығы және жиналған астықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.

Бүгін Мемлекет басшысы та­рапынан жеткілікті дәрежеде ашық, шынайы әңгіме болып, сын­дарлы сын айтылды, дей келіп, біз Президент тапсырмаларын жү­зеге асыру жөніндегі барлық іс-шараларды кешенді жоспарға енгізіп, осынау үлкен жұмысқа кі­рісуіміз керек, деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар