• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №462-Ө-М

282 рет
көрсетілді

2013 жылғы 26 қыркүйек Астана қаласы

2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

 

2013 жылғы 26 қыркүйек Астана қаласы

2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 26 маусымдағы № 274-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мем­лекеттік тізілімінде № 8529 тіркелген және 2013 жылғы 3 шілдедегі «Казахстанская правда» № 224 (27498), 2013 жылғы 3 шілдедегі «Егемен Қазақстан» № 162 (28101) газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті (А.О. Табергенова) осы бұйрықтың:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр Т.ДҮЙСЕНОВА.

–––––––––––––

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 3 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8772 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар