• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Шілде, 2020

600-ден астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды

319 рет
көрсетілді

Өткен жарты жыл ішінде байланыс операторлары шалғай ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізіп, 649 ауылды кең жолақты Интернетке қосты, деп хабарлайды Egemen.kz Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іске асырылып жатқан жоба шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін байланыс операторлары 1250-ден астам ауылды сапалы интернетпен қамтамасыз етеді. Ол үшін 20 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі салынуда. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жоба 2018 жылы басталды. Оның басты мақсаты - 3700-ден астам мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарды, оның ішінде мектеп, аурухана, әкімдік және т.б. кеңжолақты Интернетке қосу. Сонымен қатар, жоба жүзеге асырыла бастағалы бері шалғайдағы 962 ауыл жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтылған.

ҚР Цифрлық даму министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, бұл жоба басқа да жобаларды жүзеге асыруға  мүмкіндік туғызбақ.

"Шалғайдағы ауылдарға жылдамдығы жоғары интернетті тарту үшін инфрақұрылым қажет. Қазір байланыс операторлары тиісті инфрақұрылым - «Оптика» желісін жүргізуде.Бұлмобильді операторлардың осы "оптоталшықты" желіге қосылуына және сапалы интернетпен қамтуына жағдай жасайды. Осылайша, 3G/4G мобильді технологиясы немесе сымсыз байланысу технологиясы бойынша бір ауыл ғана емес, жақын маңдағы ауылдарда да кеңжолақты Интернетке қосылатын болады", - деп атап өтті Ярошенко.

Елімізде Интернет желісін одан әрі дамытуға бағытталған тағы бір жобаның жүргізіліп жатқанын естеріңізге салып өтеміз.  Оның аясында, 2020 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары 3G/4G мобильді және FWA - FixedWireless Access сымсыз байланысу технологияларын қолдана отырып, тұрғын саны 250-ден көп ауылдардың бәрін кеңжолақты Интернетке қосады. Министрлік ұялы байланыс операторларымен бірге ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойды.

Осылайша, осы жылдың соңына қарай ел халқының 99,3% кең жолақты Интернетті пайдаланатын болады.