• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №06-7/112

300 рет
көрсетілді

2013 жылғы 6 тамыз Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

 

2013 жылғы 6 тамыз Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, бұйырамын:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және заңда белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның м.а.             С. АХМЕТЖАНОВ.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 6 тамыздағы № 06-7/112 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының

Тізбесі

1) «Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізу­дің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 13 шілдедегі № 02-1-7/81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1202 болып тіркелген, 2000 жылғы 6 қыркүйектегі № 39 «Юридическая газета» газетінде жарияланған);

2) «Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының қызметiне тексеру жүргiзудің тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2000 жылы 13 шiлдедегi № 02-1-7/81 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 14 наурыздағы № 02-2-4/31 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1791 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені» журналында жарияланған, 2002 ж., № 19, 605-құжат);

3) «Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және сыбайлас жемқор­­лыққа қарсы заңдарды сақтау мәселесі жөнінде Қазақ­­стан Республи­­ка­сы мемлекеттік органдарының қызметіне тексеру жүргізудің тәрті­бі туралы ережені бекіту туралы» Қа­зақстан Республикасының Мем­лекеттік қызмет істері жөнін­­дегі агенттігі Төрағасының 2000 жыл­ғы 13 шілдедегі № 02-1-7/81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агент­тігі Төр­аға­­сының 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 02-01-02/46 бұйрығы (Нор­ма­тив­тік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3625 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 маусымдағы № 123-124 (24082) «Еге­мен Қазақстан» газетінде, «Қазақстан Республикасының орта­лық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының норма­тивтік құқықтық актілерінің бюллетені» журналында жарияланған, 2005 ж., № 15, 116-құжат).

Соңғы жаңалықтар