• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дәрі-дәрмек бағасын бақылауда

169 рет
көрсетілді

"ANTIKOR ORTALYGY" алаңында "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев пен  денсаулық сақтау басқармасының Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензиялау бөлімінің басшысы Гаухар Әлібекова дәрі-дәрмек тапшылығы мен оның алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тікелей эфир барысында жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев эфир қонағымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

Оның айтуынша дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің  жетіспеушілігі мен бағасының қымбаттауының алдын алу мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қалада арнайы Жұмысшы Топ құрылған.

"Топ құрамына Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлерімен қатар денсаулық сақтау басқармасы мен Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топтың және жастар мәслихаты өкілдері мен қоғам белсенділері енгізіліген.

Мақсаты – дәрі-дәрмек тапшылығы мәселелері мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бүгіннен бастап мониторинг жұмыстары бастау алды. Орын алған жағдайлар бойынша талдау жүргізу мақсатында тиісті сұраулар уәкілетті органдарға жолданды" - деді ол.

Сонымен қатар, спикер аптасына 3 рет осы Топтың атқарған жұмысымен таныстырып отыратындығын жеткізді.

"Қаладағы жекеменшік дәріханаларда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалуда. Бұл мәселелер Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау Шымкент қаласы бойынша департаментімен бақыланады. Қазіргі таңда медициналық мекемелермен күндізгі стационарлар жұмысын күшейткендіктен дәрі-дәрмек мәселесі бірінші орында" - деді Гаухар Әлібекова.

Бөлім басшысының айтуынша стационарлық көмек шеңберінде қаланың медициналық ұйымдары 6 288,29 млн.теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 784 атауы бойынша қажеттілікті мәлімдеген.Бірыңғай дистрибьютор 5 926,82 млн.теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды 756 позиция бойынша сатып алуды жүзеге асырған.

Айта кетейік, кез-келген қала тұрғыны дәріні қымбатқа қай дәріханадан, қандай бағаға алғаны туралы фото және видео түріндегі ақпаратты 8702 000 24 94 және 8775 306 78 50  WhatsApp нөмірлеріне жолдай алады.  Және келіп түскен ақпараттар, видеолар жарияланбай, қызметтік мақсатта пайдаланылады.