Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев “биохимиялық қаруды шашырату” туралы жалған хабарламаларды жоққа шығарды. Интернет желісінде жалған ақпаратты таратуға қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында ішкі істер органдары жүргізген әлеуметтік желілердің күн сайынғы мониторингі соңғы уақытта жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткенін көрсетті. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп әрбір осындай хабарламаны біз тексереміз.
Бүгінгі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті тақырыбын жеке тұлғалар аудиторияның назарын аудару үшін пайдаланады, бұл ретте ақпараттың тексерілмегенін елемей, оның ішінде шетелдік тегі барлар да хабарламаларды таратуда. Ең танымал таратылымдардың арасында – “вирус елді мекенге ұшақтар мен тікұшақтардың көмегімен шашыратқан “, “Қазақстанға биохимиялық қару шашыратқан” және т.б. аудиохабарламалар бар. “Facebook” және “Instagram” әлеуметтік желілеріндегі кейбір пайдаланушылар келесі мазмұнды жариялады: “Бүгінгі аурудың өршуі биологиялық қару-жарақпен химиялық шабуылдан орын алуы мүмкін”…
Бұл хабарламалардың барлығы расталмаған және өтірік болып табылады және қоғамды тұрақсыздандыруға әрекет ретінде бағаланады. Осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы “Біле тұра жалған ақпарат тарату” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның санкциясы айыппұл, түзеу жұмыстары, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді.
Мен азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын", деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.