• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Шығыстағы бұрынғы шенеунік шетелге қашып кетті

270 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы Жанэт Нұрлан 500 миллион теңге жымқырып, қашып кетті. Осыған орай, осы аптада экс-шенеунікке іздеу жарияланды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Бұрынғы шенеунік «Нұрлы көш» бағдарламасынан Шығыс ауылының құрылысына бөлінген бюджет ақшасын ұрлаған екен. Естеріңізде болса, бұған дейін бірнеше рет «картон» үйлерде тұрып, ашынған оралмандар туралы көрсеткен едік. Қаржы полициясы 2012 жылы ауыл құрылысына қатысты тергеу жүргізуді бастаған. Дегенмен, көп ұзамай бұл процесс тоқтап қалды. Ашынған тұрғындар осы жылдың мамыр айында көтеріліске шығып, жан айқайын айтқан соң ғана, прокуратура тергеу амалдарын бастады. Содан кейін қомақты қаражатты қымқырып кеткендерге қатысты іс қайта көтерілді.

Белгілі болғандай, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жанэт Нұрлан «Быстрый» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы қызметін де қоса атқарған. Дәл осы серіктестік Шығыс ауылының құрылысымен айналысып келген.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары істің құпиялығы үшін тергеу материалдарын жарияламай отыр. Бейресми ақпарат көздерінен мәлім болғандай, экс-шенеунік Жанэт Нұрлан Германияда жасырынып жүр.

Бақытбек Кенешұлы. 

Соңғы жаңалықтар