• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Пушкиннің әдепсіз сөздерінен құралған жинақ шықты

280 рет
көрсетілді

Орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің баспа жүзінен жаңадан шыққан шығармалар жинағының оқырман қауымды таң қалдырып, әрі-сәрі етіп қою әбден ықтимал. Бұл көп томдықтың осындай жұмбақ тұстары да бар көрінеді. Бұл туралы «Газета.ру» сайты хабарлады.

Мұндағы бар мәселе мынада, үстіміздегі жылғы 30 қыркүйектен бастап саудаға түскен жаңа шығармалар жинағында ақынның бұрын ешқашан баспа жүзін көрмеген әдепсіз өлеңдерінің басын құрайтын кітап та бар көрінеді. Осы арқылы қалың оқырман енді оны мүлде басқаша қырынан көріп қалатыны анық.

«Слово/Slovo» баспасынан 11 том болып шыққан бұл кітаптар Пушкиннің өлеңдерінің, прозаларының, драматургиясының басын құрайды. Солардың арасында ақынның авторлық тыныс белгілері мен орфографиясы сол қалпында сақталып берілген 1815-1837 жылдар аралығында жазған хаттары да бар. Міне, осы хаттардың арасында оның әлгіндегідей нормативті лексиканың талаптарына сәйкес келмейтін өлеңдері келтірілген.

Айтқандай, бұл «цензурадан өтпейтін» Пушкинді баспаға дайындаудың бірінші дерегі емес екен. Біірнші рет осындай талап 1906-1911 жылдары жасалып, оның «әдепсіз» хаттарын ұсынған алғашқы кітаптар шығыпты. Сол кезде Император Ғылым академиясының арнайы өкімімен ақынның екі томы шығарылған. Олардың бірі таза шығармаларын құраса, екіншісі түпнұсқамен толық сәйкес келетін варинтта дайындалған. Бірақ «цензурадан өтпейтін» том барынша шектеулі таралыммен шыққан. Оның саны 10 данадан аспаған. Бұлардың соңғысы тек императорлық ғылым академиясының мүшелеріне ғана берілген.

Революция және Азамат соғысы жылдарында ьұл ғалымдардың кітапханалары талан-таражға түскен. Сол кезде Пушкиннің хаттарынан құралған сирек томның біреуі Владимир Лениннің қолына тиеді. Осының арқасында бұл том осы күндерге жеткен. Жаңа том, әлбетте, осыдан алынған.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар