• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2013

Ақтөбе тұрғыны «Жинақбанкісінен» 30 млн. теңге талап етті

273 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласының тұрғыны Әбдірәшит Насыров «Ресей Жинақбанкі» АҚ-ның Ақтөбедегі филиалының үстінен сотқа талап-арыз берді. Ол өзінің әрбір хатына келген жауапты 10 млн. теңгеге бағалаған. Олар жинақтала келгенде, 30 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы «Судебный репортаж» порталы жазды. Биылғы жазда Әбдірәшит Насыров «Ресей Жинақбанкі» АҚ-ның Ақтөбедегі филиалына оның қызмет көрсету деңгейі, санитарлық-эпидемиологиялық нормасы, филиал желісі өзін қанағаттандырмайтынын айтып, үш рет хат жолдайды. Мекеменің директоры Светлана Шашкова белсенді клиенттің әрбір хатына өзінше кеңінен түсініктеме келтіріп, мұқият жауап қайтарады. Бірақ бұл жауаптар хат иесінің көңілінен шыға қоймайды. Сосын ол осыларды негіз етіп, сотқа талап-арыз түсіреді. «Менің бірде-бір хатыма дұрыс мән берілген жоқ, мен оларға нақты да негізді жауап ала алмадым Сондықтан мен олардың әрбірін өзімді 10 млн. теңгеге қорлады деп бағалаймын», - дейді Насыров өз әрекетін түсіндіргенде. Талап арыз беруші сонымен қатар, «Жинақбанкі» банк қызметі дегенді жамылып, федералды қауіпсіздік саласында шпиондық әрекеттермен айналысады, сондықтан оны жабу керек, деп есептейді. «Бір ғана Ақтөбеде «Жинақбанкінің» төрт бірдей филиалы бар. Олардағы «Ресей» деген анықтаманы алып тастады. Бірақ бәрібір ол ресейлік болып қалды. Мен бұл банкінің арғы жағында ФСБ тұп деп есептеймін. Бізде шет елдердің банкілері болуға тиіс емес. Біз Қазақстанның тәуелсіздігне шектеу келмеуі үшін өз ісімізге шетелдіктердің араласуын тоқтатуымыз керекә, - дейді талап-арыз беруші. Сейітжан Құлымбай.
Соңғы жаңалықтар