• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2013

Әзербайжанда оппозиция сайлау қорытындысына риза емес

270 рет
көрсетілді

Бакуде Демократиялық күштер ұлттық кеңесінен президенттік сайлауға түскен Джамиль Гасанлының жақтастары 12 қазан күні санкцияланған жиын өткізді. Бұл туралы «Новости-Азербайджан» хабарлады.

Президенттікке бұрынғы үміткердің жақтастары жиынды сенбі күні сағат 16:00-де бастады. Ол Ясамал спорт-сауықтыру кешенінде (бұрынғы «Мэхсул» стадионы) өтті.

Жиынға Ұлттық кеңестен Джамиль Гасанлы, «Мусават» партиясының башканы Иса Гамбар және Әзербайжан халық майданы партиясының төрағасы Әли Керимли келді. Олар осында сөйлеген сөзінде үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Оппозиция өзінің күресін тоқтатпайды. «14 қазанда-ақ Ұлттық кенес миссиясы Брюссель мен Страсбургке аттанады, сосын АҚШ-қа жол тартып, Еуроодақ, Еуропа Кеңесі өкілдерімен және АҚШ әкімшілігімен кездеседі», - деді Гасанлы.

Иса Гамбар сайлаудың демократиялық жолмен өтпегенін айтты. Халықаралық бақылаушылар көптеген тәртіп бұзушылық пен көзбояушылықтарды көздерімен көрген. «ЭЛЬ» қозғалысының лидері Эльдар Намазов бүгінгі митингінің өзі жеңіс екенін атап өтті.

«Біздің талабымыз - 9 қазанда өткен сайлаудың қорытындысын жоққа шығарып, жаңа президенттік сайлау өткізуге қол жеткізу», - деді Гасанлы minval.az порталына берген сұхбатында.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар