Гонконгтың барлық мектебі вирусты жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты қайта жабылады. Бұл туралы South China Morning Post газетіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Газеттің мәліметтері бойынша, соңғы тәулікте Гонконгта жұқтырудың 30-дан астам жағдайы тіркелген, соның ішінде 11-і бір тұрғын үй кешенінде болған. Сол себепті де мектептерді қайта оқшаулауға тура келді.
Гонконгта осы уақытқа дейін 1365 жұғу оқиғасы анықталды (жеті адам қайтыс болды, 1176 сауығып кетті).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 жаңа коронавирусты инфекцияның өршуін жариялады. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша әлемде жұқтырудың 11,8 миллионнан астам жағдайы анықталып, 545 мыңнан астам адам қайтыс болды.