• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 10 Шілде, 2020

Коронавирус індеті 3 кезеңнен тұрады

1711 рет
көрсетілді

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрила Малтабарова коронавирусты жұқтыру кезінде қолданылатын кеңестерді айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бірінші кезең – интоксикациялық кезең. Науқастың дене қызуы 38 градустан 40-қа дейін көтерілуі мүмкін. Әлсіздік пен терлеу басталады. Осы кезең бір аптаға созылады.

Осы кезеңде ешқандай дәрі-дәрмекті ішпеген абзал. Дене қызуы 38 градустан артса ғана, оны төмендететін дәрі қолданылады. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды.

Екінші кезең – 3-4 аптаға созылады. Бұл респираторлық синдром деп аталады. Дене қызуы көтерілген соң, құрғақ жөтел пайда болып, ентікпе басталып, буындар сырқырай бастайды. Осы кезде талдау сынамасының нәтижесі бойынша дәрігер антибактериялық дәрі-дәрмекті жазып беруі мүмкін. Басқа ешбір дәрі қолданылмайды.

Үшінші кезеңде, яғни оңалу кезінде организмді қалпына келтіру жаттығуларын жасауға болады.