• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2013

Ақтөбеде кішкентай қыз сарайда тірілей жанып кетті

302 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кирпичный кентінде сұмдық қайғылы оқиға орын алды. Үй жанындағы жанып кеткен сарайдан 4 жасар қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Аktobetimes.kz хабарлады.

Қазір Карина есімді бүлдіршіннің туған-туыстары сарайдың қыз өлімін бүркемелеу үшін қолдан өртелгенін айтып отыр. Оқиға 7 қазан күні болған. Сарай жанып жатқан кезде оның ішінде кішкентай қыздың бар екенін ешкім білмеген. Ал есікті ашқанда, жұрттың бәрі оның тұрған қалпына таң қалған. Ол ескі кресло мен ескі мәшиненің капоты арасына қыстырылып тұрған. Бүлдіршіннің сарайға қалай келіп қалғанын да ешкім білмейді.

Каринаның туған тәтесі Мария Белан (суретте) оның көз алдында ойнап жүргенін айтады. Соңғы 15 минутта ғана кенет жоқ болып кеткен.

Жұрт қазір кішкентай қыздың есікті ашып, оны ішінен іліп қоюға шамасы келмейді деседі. Демек, оны біреу өлтіріп, сосын сарайға от қойып кеткен.

Тағы біреулер мұны істеген қыздың өгей әкесі дегенді де айтуда.

«Менің бауырым онымен жеті айдан бері тұрып жатыр, - дейді Мария. – Карина – оның баласы емес. Сіңлім басында содан екіқабат блып қалған. Бірақ аборт жасатты. Сол күні сіңлімнің азаматтық күйеуі үйде жалғыз болды. Карина әжесінен әкелген жүгерісін үйде қалдырып кетіпті. Демек, өзінің үйіне бармаған. Біз бәріміз өртті сөндіріп жатқанда, күйеу бала жай ғана қарап тұрды. Өртті сөндіруге араласқан жоқ. Және сарайда ешкімнің жоқ екенін айтты. Біз жерлеуге дайындаалып жатқанда, ол жоқ болып кетті. Телефонын өшіріп тастапты. Енді осының бәрі күдік шақыратынын полицейге айтсам, сөзіме құлақ түрмейді. Ол Карина түтінге тұншығып өлген деп отыр. Зорлап өлтірудің белгісі жоқ дейді».

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар