• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
13 Қазан, 2013

Дариға Назарбаеваның Қостанайдағы концерті аншлагпен өтті

303 рет
көрсетілді

Бұдан бірер күн бұрын Қостанайда Мемлекет басшысының үлкен қызы Дариға Назарбаеваның жеке концерті болып өтті. Концерт өткен облыстық филармонияның залында ине шаншарлық орын болмаған. Бұл туралы жергілікті «Наша газета» хабарлады.

«Соңғы жылдары классикалық әндерді орындаудың шебері ретінде танылып қалған Дариға Назарбаеваның репертуарымен танысуға үлкен мен кіші түгел жиналды», - деп мәлімдеді біздің өз мәнбеміз. Олардың арасында облыстық деңгейдегі басшылардан, бизнесмендерден, мемлекеттік қызметкерлерден, ЖОО ректорларынан бөлек, Ольга Киколенко, Ирина Аронова, Зағипа Балиева, Азат Перуашев секілді Мәжіліс депутаттары болған.

Ал концертте орыс және қазақ тілдеріндегі шығармалар орындалған. Соның ішінде көрермендер «Көк орамал», «Кел, темекі шегейік», «Кете көрме, менің көгершінім», «Кездейсоқ вальс», «Ессіз түндер», «Мен жігітті сүйіп қалдым», «Есіңе түсіріп әуре болма» секілді соғыс жылдарындағы әуендер мен ескі романстарды сүйсіне тыңдады.

«Әрбір нөмір қол шапалақтаумен шығарып салынды. Кейде орындаушыға гүл шоқтарын беру үшін кезек керіліп жатты. Ең соңында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қонаққа кемінде жүз тал райхан гүлі бар кәрзеңке тапсырды», - делінген ақпарда.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар