Кеше, 13 қазан күні Мәскеудің Бирюлево ауданындағы тәртіпсіздік бірте-бірте қырғынға ұласты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Оқиға 25 жасар Егор Щербаков деген жігітті «Бирюза» сауда орталығы жанында әлдекімдердің өлтіріп кетуінен басталды. Ол қызымен бірге келе жатқанында өлтірілген. Мұны жасаған миграттар сияқты. Осыдан кейін мәскеуліктер көтеріліп кетті. Бастапқыда қырықшақты адам болып келіп, сауда орталығының артқы жағын ашып беруді талап еткен топтың қатары барған сайын ұлғая берді. Олар жас жігітті жазықсыз өлтірген келгінбайлар сол жаққа тығылып қалды деп есептеген сыңайлы. Жиналған жұрт жігітті өлтірген адамдарды тез тауып жазлауды, сондай-ақ барлық мигранттарды тексеруді талап етті.
Артынан жаппай тәртіпсіздік басталып кетті. Қазірге дейін көтерілген топтың арасынан 380 адам қамауға алынды. Тәртіп бұзушылықты тоқтату барысында 6 полицей жарақат алып қалды.
Мұрат Айтқожа.