Кеше, 13 қазан күні президент сайлауының қорытындасына наразылық білдірген оппозиция тобының митингісінен кейін Бакуде тәртіпсіздік орын алды. Бұл тәртіп сақшыларының оларды таратып, айрықша белсенділерін қамауға алуларына негіз болды.
Жерілікті minval.az порталының тілшісі президенттікке үміткер болған Джамиль Гасанлының сөзіне сілтеме жасап, бірнеше адамның қамалғанын баяндады. Кейін анықталғандай, нақты ұсталғандар 8 адам болған. Ал N!DA қозғалысының лидері Тургут Гамбар қарсылық митингісіне шығушылар санының әр жерде артып бара жатқанын айтты.
Сәкен Майлыбай.