• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2013

Петропавлда бизнесменді өлтірген айыпкер сотталды

335 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында бизнесменді өлтірген айыпкерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Сотталушы А.Абдуллаевқа қатысты іс бір жылға созылған болатын. Енді ол 11 жыл өмірін түрмеде өткізеді. Сондай-ақ айыпталушы жәбірленушіге материалдық, моральдық шығынды өтеуі тиіс. «Ескендіровтің Абдуллаевқа қатысты талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Айыпталушыдан материалдық шығын үшін 2 млн. 125 мың теңге, ал моральдық шығын үшін 1 млн. теңге өндірілсін», -деп жазылған Петропавл қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде. Алайда, жәбірленушінің адвокаты судья тағайындаған жаза мерзіміне келіспейтінін айтып,облыстық сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

Өткен жылдың қараша айында жергілікті жердегі «Океан» дүкені жанында Mercedes көлігі ішінде болған бизнесмен Сейдулла Ескендіровті белгісіз біреу басынан атып кетеді. Артынан бизнесменді өлтірген күдікті өз аяғымен полиция бөліміне келіп, болған жайды баяндайды. Бизнесмен бидай тасымалы үшін А. Абдуллаевқа 30 млн. теңге қарыз болған көрінеді. Ол осы қарызын көлік ішінде сұраған кезінде бизнесмен қарсылық көрсеткен. Сосын қызбалыққа салынған айыпталушы аңшы мылтығымен бизнесмен басынан атқан.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар