13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланған болатын. Бұл туралы бұған дейін республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.
2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын "Qazaqstan" Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Аза тұту күнінде "Хабар агенттігі" АҚ мен "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.