Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ дәріханаларға барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мониторингтік жұмысшы топ жүргізген зерделеу жұмыстары барысында Түркістан қаласында орналасқан дәріхана ұйымдарында шекті бағаның толық сақталғандығы және "ЖК Ербұлан", "ЖК Джапақов" дәріханаларында сұранысқа ие дәрілік заттардың, соның ішінде "цеф ІІІ", "парацетамол", "азитромицин", "ингаверин", "меропенем", "аскорбиновая кислота", "цефамед", "дексаметазон" дәрі-дәрмектерінің жетіспеушілігі анықталды. Сонымен қатар, дәріханалардағы баға өсіміне жүргізілген мониторинг жұмыстары Кентау қаласында да жүргізіліп, нәтижесінде "Балабиева и К" дәріхана ұйымының дәрілік заттарды бекітілген шектік бағадан өсіргендігі мәлім болды. Анықталған заңбұзушылық дерегі бойынша дәріхана ұйымы заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, облысқа қарасты дәріханаларға мониторинг жұмыстары күн сайын тұрақты түрде жүргізілуде.