• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2013

Алматының көшесімен пілдер шеруі жүріп өтті

310 рет
көрсетілді

Бүгін, 14 қазан күні Алматының орталық көшелерінің бойында бұрын-соңды болмаған көрініс – цирктің керуені жүріп өтті. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлады. «Абай атындағы даңғылда нағыз цирк кавалькадасы өтті. Үйретушілері бастаған пілдер, понилер, аттар тобы Алматы қаласы тұрғындарын қатты таң қалдырды және көңілдерін көтеріп кетті. Экзотикалық жан-жануарлар қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің алып жүруімен шеру тартты», - делінген хабарламада. Оңтүстік астана жұртшылығы осылай біраз уақыт цирк аңдарының тамашасын қызықтады. Айта кету керек, мұндай оқиға бұрын Алматыда ешқашан болған емес. Мұрат Айтқожа.
Соңғы жаңалықтар