Бұл туралы Бразилияның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 млн 800 мыңды еңсерген. 1,1 миллионнан астам науқас емделіп шықса, 71 мың адам аталған дерттен көз жұмды. Бразилия коронавирусты жұқтырғандар және COVID-19 құрбандарының саны бойынша әлемде екінші орында.