• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Қазан, 2013

Шешен Чагаев шешен президентіне чемпион белбеуін сыйлады

293 рет
көрсетілді

Үстіміздегі жылғы 5 қазанда Мәскеуде Александр Поветкин мен Владимир Кличко арасындағы матчтың андеркарты, яғни қосымшасы ретінде өткізілген РАВА белбеуі үшін ауыр салмақта Руслан Чагаев пен серб Йово Пудардың таласында бұлардың алдыңғысы жеңіске жеткен болатын. Міне, сол ұтып алған белбеуін боксшы Шешенстанның президенті Рамзан Кадыровқа сыйлады. Бұл туралы piter.tv сайты хабарлады.

Осы ұрыста Руслан қарсыласын 117-109, 115-111 және 118-108 деген есептермен тізе бүктірді. Ол Йово Пударды екінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді. Өзінің кәсіпқойлар рингіндегі 32-ші жеңісіне жеткен боксшы қзыр Шешен республикасының бірінші президенті Ахмат-хаджы Кадыровтың құрметіне қойылған «Кадыр» спорт клубының туы астында өнер көрсетеді.

Шешенстанның өазіргі президенті, Ахмат-қажының баласы Рамзан Кадыров өзінің әлеуметтік желісіне сол кездері былай деп жазыпты:

«Ассаламу алайку, достар! Жер деген шектеулі ғой, ақиқат сосын қашанда жаныңа жақын жүреді. Боксшы Руслан Чагаев жеңіске жете бастағанда, оны біреулер өзбек деді, біреулер татар деді, тағы басқаларын айтты. Бірақ ол шын мәнінде шешен болып шықты! Иә, тап солай, ол – шешен! Біздің тарихшыларымыз бен мұрағат қызметкерлері оның ата-бабаларының шежіресі жөнінде жан-жақты деректер тапты. Бізге осындай лайықты адамның, нағыз еркектің және таза мұсылманның шешен болғаны сұмдық жақты, оны бұл жаңалықты білгенге дейін де қатты құрметтеп келгенімізге қарамастан. Біз енді жерімізге қош келдің, Руслан, дейміз».

Руслан Чагаев:

«Мен Ахмат-қажы Қадыровтың атындағы клубтың атынан сайысқа түсетін болғандықтан, оны ұятқа қалдырмауым керек. Мен сондықтан дайындық тұсында да, ұрыс кезінде де осы клубтың атын шығаруға барымды салдым».

«Грозный» телеарнасы хабарлағандай, Руслан Чагаев жеңісті жекпе-жегінен кейін Шешенстанға ұшып келген, оны әуежайда республика басшысы Рамзан Кадыровтың өзі күтіп алған. Құрмет көрсету есебінде боксшы өзінің соңғы алған белбеуін Шешен республикасының басшысына сыйлаған.

Руслан Чагаев:

«Рамзан, бауырым, тағы да үлкен рахмет. Бұл белбеу әділінде саған тиесілі. Бұл бірінші дәреже. Алда әлі бастысы болады, мен оны жеңіп алғанда әлем чемпионы атанамын. Осының бәрі сенің арқаңда. Сені маған сенім ұялаттың, күш бердің, Алланың арқасында енді саған да, маған да жақсы болып тұр. Рахмет саған».

Рамзан Кадыров:

«Сенің бұл ұрысты ұтқаныңа мен шынында қуаныштымын. Бұдан да ілгері жүру үшін және баспалдақпен жоғары көтерілу үшін бұл бізге керек еді. Мен өзіңмен бірінші кездескенде-ақ өзіңе табынушы екенімді айтқанмын. Мен Руслан Чагаевтың қайтып оралып, бүкіл әлемге өзінің чемпион болғанын көрсетуін қаладым. Мұның бәріне Жаратқанның қалауымен, өз күшіңмен жеттің. Әлі де жете бересің! Мен біз сенімен бірге жақын аралықта Грозныйда керемет жақсы ұрыс өткіздіреміз деп ойлаймын. Сені күтетін тек Өзбекстан мен Шешен республикасы ғана емес, сонымен қатар Ресейде де, бүкіл әлемде де сен керексің! Тағы да құттықтаймын! Сенің чемпион болатыныңа сенімдімін!»

Соңғы жаңалықтар