• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қазан, 2013

Хоккей. «Барыс» өз алаңында жеңіске жетті

370 рет
көрсетілді

Кеше, 14 қазан күні Астананың «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Төменгі Новгородтың «Торпедосын» қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Астаналықтар ойынды қарқынды бастады. Бірақ бірінші кезеңде көпке дейін есеп ашылмай қойды. Оны ақыры жақында өзінің Қазақстан құрамасы сапында ойнайтынын мәлімдеген Брэндон Бочински 18-минутта түсірді. Ал екінші кезең тең нәтиже әкелді. Бұл бөлікте барыстықтар тез шайба соға білді. Ол Федор Полищуктің күшімен 24-минутта соғылды. Бірақ қонақтар қарыз қалмады. Олар минутқа жеткізбей жауап шайба салды (Хиетанен). Алаң иелері соңғы кезеңде тағы алды болды. Бұл уақытта олар екі шайба салып, бір шайба жіберіп алды. Атап айтқанда, астаналықтардан Лакиза (42) мен Бойд (59) көзге түссе, қонақтардан Иммонен (45) осы екеудің арасынан жауап қатты. Бұл жеңіс «Барыстың» 34 ұпаймен Шығыс дивизионында екінші орынға шығуын қамтамасыз етті. Дивизонда бұл күні Омбының «Авангардын» 2:1 етіп ұтқан Қазанның «Ақ Барысы» топ басында тұр. Дамир Қожамқұл.  
Соңғы жаңалықтар