Футболдан Қазақстанның 21-ге дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу сындары аясында сырт алаңда Армениямен ойын өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.
Ойын Қазақстан құрамасының шабуылымен басталды. Біздің жігіттер мұны бірінші таймда голға айналдырды. 31-минутта Абзал Бейсебековтен тамаша пас алған «Шахтер» ойыншысы Роман Муртазаев есеп ашты. Алаң иелері бұған екінші таймда Давид Акопянның голымен жауап қайтарды. Ол 48-минутта соғылды.
14 қазан. Ереван. В.Саргсян атындағы республиканский стадион.
Бас төреші: Крис Райш (Люксембург)
Армения: Манукян, А.Оганесян, Г.Оганесян, Минасян (В. Минасян, 83), Погосян (Сардарян, 74), Малакян (Айвазян, 78), Папикян, Восканян, Мурадян, Акопян, Адамян
Қазақстан: Покатилов, Сартаков, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Бегалин, 86), Левин, Қуат, Ульшин (Пикалкин, 90), Аяғанов, Калинин, Муртазаев (Ли, 68)
Голдар: Муртазаев (31), Акопян (48), Бейсебеков (72).
Ескертулер: Мурадян (82), Адамян (85), Н.Минасян (85) - Қуат (11), Левин (85), Сартаков (93).
Қонақтар бұдан кейін бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Олар 72-минутта осыдан нәтиже шығарды. Илья Калининнің берген добын Абзал Бейсебеков қақпаға дәл түсірді. Осылайша біздің құрама сырт алаңда жеңіске жетті. Бұл - біздің осы іріктеу сынындағы екінші жеңісіміз. Алғаш рет Белоруссия құрамасын сыртта ұтқан едік. Еске сала кетейік, Арменияны Астанада қабылдап, 0:1 есебімен есе жібергенбіз.
Сонымен бірге, жақында ғана Сергей Боровский кетіп оның орнына Андрей Ферепонтов келген еді. Оның бірінші матч осылай табысты болды.
Құраманың келесі ойыны алдағы жылы 5 наурызда Исландиямен өтеді.
Дамир Қожамқұл.