• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2020

Қазақ ұлттық өнер университетінде бір минут үнсіздік жарияланды

493 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің барлық аймағында еңбек ұжымдары мен оқу орындарында бір минут үнсіздік жарияланды, - деп жазады Egemen.kz.

Соның бірі – Қазақ ұлттық өнер университеті. Білім ордасы бақилық болған әріптестерінің рухына тағзым етіп, еңбек жолдарын еске алды.

Университет ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева коронавирустан көз жұмған отандастардың отбасына көңіл айтты.

Айта кетейік, Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды.