• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Шілде, 2020

Әзербайжан елшілігі қазақ елінің қайғысына ортақтасып, Туын төмен түсірді

6922 рет
көрсетілді

Бүгін елімізде "Жалпыұлттық аза тұту күніне" байланысты Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі қаза тапқан отбасыларға көңіл айтып, ем қабылдап жатқандарға тезірек айығып кетуін тіледі. Бұл туралы елшілік өзінің Facebook парақшасында хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

"Қазақстан Республикасында 13 шілде − "Жалпыұлттық аза тұту күні" болып жариялануына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Осындай қиын сәтте бауырлас Қазақстан халқына қолдау білдіру мақсатында елшілік ұлттық туды төмен түсіргенін мәлімдейді", делінген елшіліктің хабарламасында.