• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2013

Бирюлеводағы кісі өліміне күдікті ұсталды

240 рет
көрсетілді

Мәскеудің Батыс Бирюлево ауданында 10 қазан күні түнде 25 жасар Егор Щербаковты түнде қызының көз алдында пышақтап өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған әзербайжан жігіті құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл туралы «Утро.Ру» хабарлады.

Түннен бері Интернетке осы қылмысты жасады деген айып таңылып отырған 1982 жылы туған Әзербайжан азаматы Орхан Зейналовтың ұсталу сәтінің сюжеті түсіп үлгерді. Онда ер кісінің тәртіп сақшыларына қалай қарсылық көрсетіп жатқаны анық көрініп тұр. Жерге етпетінен жатқызылған ол түсіндірме беру сұралғанда: «Менің қазір әлім жоқ. Камераға барайық, бәрін сол жерде айтамын», деп жауап қайтарды.

Орхан Зейналовтың қайда тығылып жатқанын көрсетіп берген адам туралы әзірге дерек жоқ. «Москва 24» телеарнасының мәліметі бойынша, кісі өлтірушіні табуға ол жалдап тұрған пәтердің иесі 1 млн. теңге сыйақы уәде берілгеннен кейін жәрдемдескен. Ал Юрий деп аталатын бұл жігіт осыдан екі күн ғана бұрын пәтер жалдаушысының қайда жүргенін білмейтінін, оның он жылдан бері туыстарымен Мәскеуде тұрып келе жатқанын, сол кезден бері көрші тұрғандарын айтып беріп еді. Ал «Комсомольская правда» газеді Зейналовты Коломнаның Орталық саябағында кездесуге шақырған туыстары ұстап берді дегенді шығарып отыр.

Қалай дегенде де, Орхан Зейналов кеше, сейсенбі, 15 қазан күні кешке Коломна қаласында СОБР сарбаздарының әрекеті арқылы қолға түсті. Ол қазір уақытша оқшаулағыш камераға отырғызылды. Ресми емес әңгіме барысында Егор Щербаковты өлтіргенін мойындаған. Бүгін, сәрсенбі күні алғашқы тергеуге шақырылады. Бұдан басқа, күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы тексеріледі.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар