• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2013

Бразилия Сноуденмен сөйлесуге ниет білдірді

292 рет
көрсетілді

Бразилияның федералды полициясы АҚШ пен Канада тарапынан Бразилия мемлекеттік құрылымдары мен өнеркәсіптік компанияларына бағытталған тыңшылық деректері бойынша тыңғылықты тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Тергеу амалдарын жүргізу барысында АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің деректері біз үшін үлкен қажеттілік тудырып отыр», – дейді Бразилия федералды полициясы барлау басқармасының басшысы Жозе Альберту Фрейтас.

«Біз үшін Сноуден ең негізгі ақпарат көзі болып отыр. Егер онымен сөйлесуге мүмкіндік болмаса, тергеу ісінің алдыға жылжуы екіталай», – деді Бразилия сенатының электронды барлау деректері жөніндегі кеңесінің басшысы Рикардо Феррасо. Ол сондай-ақ бейсенбі күні Ресей билігінен Сноуденмен бейне желі арқылы сөйлесуге рұқсат сұрайтынын мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар