• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2020

Атырау полицейлері 300-ден астам карантин режимін бұзғандарды анықтады

141 рет
көрсетілді

Тексеру көрсеткендей, кейбір бизнес құрылымдар тараптарынан карантин талаптары сақталмайды.

5 шілдеден бастап Атырау қаласында полиция қызметкерлері 500-ден астам нысанды тексеріп, дүкендердің, супермаркеттердің, кафе-мейрамхана иелері тарапынан, сонымен қатар, түнгі 23.00-ден кейінгі шектеулерді орындамаған 300-ге жуық бұзушылық деректерін анықтады.

Сондай-ақ олардың арасында қаладағы “Кілем” дүкендерінің бірі, көлік жөндеу және көлік жуу орталықтары, сонойын клубы, караоке анықталды.

Отбасылық мерекелерін, атап айтқанда, туған күндерін өткізудің жеті дерегі анықталды.

Салынған тыйымдар мен шектеулерге қарамастан, Атырау шағын ауданындағы үйлердің бірінде көп адамдар жиналып, туған күн өткізген.

Баймұханов көшесі, Азаттық даңғылы бойындағы дәмханалар, вокзал маңы ықшам ауданындағы кәуапханалардың бірінде сатушылар  орындарда сатушылар медициналық бетпердесіз, медициналық қолғапсыз, әрі  тыйым салынғанға қарамастан жұмыс жасап, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген.

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 11 шілдеден бастап, құрамында әкімдік, СЭС және полиция өкілдері бар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын тексеруді жүзеге асыратын 20-ға жуық мониторингтік топтар құрылды.

Тек үш күнде  мониторинг топтармен 80-нен астам карантин режимін бұзғандар анықталды.

Карантин режимін бұзудың барлық деректері бойынша тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау басқармасына жолданды.