• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Көрме эскизі мақұлданды

330 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлт­тық компаниясы» АҚ басқарма төр­ағасы Талғат Ермегияев атқа­рыл­ған жұмыс туралы есеп берді.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлт­тық компаниясы» АҚ басқарма төр­ағасы Талғат Ермегияев атқа­рыл­ған жұмыс туралы есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға бүкіләлемдік көрме өтетін алаң ретінде таңдау түскен кезден бас­тап бір жылдай уақыт өткенін, ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сі­не дайындық барысын қарап, тір­­кеу мәліметін әзірлеп, өзге де ұй­ымдастырушылық-құқықтық мә­­­селелерді шешкен жөн екенін айтты.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесіне қаржы­лан­­ды­рудың өзге көздерін, со­ның ішінде корпоративтік қа­тысушыларды – әлемдік деңгей­дегі компанияларды тартудың маңыз­ды­лығын, мұның көрмеге дай­ын­дық жасау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс екенін атап өтті. Бұған қоса, Қазақстан Президенті дәл осы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жаңа жоғары технологиялық әзір­лемелер таныстырылымын өткізу қажеттігіне тоқталды.

– Мен бірінші күннен көр­мені өткізуде ысырапқа жол берілмеуін айтып келемін. Осы орайда салынған барлық инфра­құ­рылымның көрмеден кейін де пайдаға асуы маңызды мәселе болып қала бермек. Көрме еліміздің әр азаматына қолжетімді болып, оны аралап шығуларына мүмкіндік жасалуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы интернет­тегі, әлеуметтік ресурстар мен БАҚ-тардағы тиімді және шығын аз жұмсалатын жарнама есебінен алға қойған міндетті орындауда ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыруда жаңашыл қадамдар қажеттігіне назар аударды.

Кеңес барысында Премьер-Министр көрмеге дайындық Мемлекет басшысының тапсырмасына және Ұлттық жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады, сондай-ақ барлық аталған мәселе Үкімет пен Ұлттық комиссияның ұдайы бақылауында екеніне тоқталды.

Қоршаған ортаны қорғау министрі көрменің жалпы аумағы 173 гектар болатынын және онда әртүрлі инфрақұрылымдық нысандар орналасатынын баяндады. Бұған қоса, көрменің аумағы Астананың орнықты энергетиканы дамыту жөнінде көшбасшы болуына мүмкіндік беретін үшінші индустриялық революцияны іс жүзіне асыратын әлемдегі бірінші ауданға айналмақ.

Кеңес соңында Мемлекет басшысы Adrian Smath + Gordon Gill Architecture компаниясы әзірлеген көрме кешенінің архитектуралық эскизін мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар