• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Шілде, 2020

Канье Уэст сайлаушылардың қолдауы бойынша бәсекелесе алмады

194 рет
көрсетілді

АҚШ президенті лауазымына үміткерлер арасында рэпер Канье Уэст сайлаушылар арасында қолдау деңгейі бойынша Дональд Трамп пен Джо Байденнен қатты есе жіберді, деп жазады Egemen.kz Redfield & Wilton Strategies жүргізген сауалнамаға сілтеме жасап.

Сауалнамаға қатысушылардың 2%-ы Уэсті, 39%-ы Трампты, ал 48%-ы Байденді қолдаған.

Респонденттердің 56%-ы Уэсттің сайлауға қатысу ниетінің маңыздылығына сенбеген, 24%-ы бұл шешіміне күмәнмен қайрайды, тек 20%-ы оның президент лауазымы үшін күресуге ниетті екеніне сенген.

Сондай-ақ 55% қатысушылар Уэстті сайлауға қатысу ниеті туралы мәлімдегені үшін айыптаса, 18%-ы қолдау көрсеткен.

Онлайн-сауалнама 9 шілдеде өткізілді. Сауалнамаға 2 мың адам қатысты.

Redfield&Wilton Strategies Британдық зерттеу компаниялары қауымдастығына кіреді. Оның зерттеулері жергілікті БАҚ-та жиі жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілде күні Канье Уэст АҚШ президенттігіне сайлауға түсетіндігі туралы хабарлаған болатын.