Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Сәуле Қисықова басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен кетті, - деп нақтылады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
"Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.