Ұлттық кітапхананың бұрынғы басшысы Жанат Сейдуманов қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Жанат Сейдуманов 1960 жылдың 28 қарашасында Жамбылда дүниеге келген.
1979 жылы Мәскеу технологиялық институтына "Ағаш өңдеу технологиясы" мамандығына түсті. 1992 жылы Алматыға көшіп, сол жылы ҚазҰАУ Мәдениет қорының бас директоры болып тағайындалды.
1993 жылдың ақпан айында Қазақстанның Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің көмекшісі болды. 1993 жылдан 1994 жылға дейін "Қос қанат" корпорациясының президенті болып жұмыс істеді.
1994 жылы КИМЭП-ті экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.1994 жылдан бастап Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне қайта оралды. 1995 жылдың тамызынан 1997 жылдың шілдесіне дейін "Қазақ кітап" республикалық мемлекеттік концернінің президенті болды. 1997-1999 жылдары "Крау" бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорнының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.1999 жылдың шілдесінде Алматы облысының Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды.
2000 жылы Алматы облысының экономика комитетіне ауыстырылды, осы жылы Алматы облысының инновация жөніндегі комитеті бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.2003 жылдың қаңтарында конкурстан өтіп, Парламент Мәжілісінің аппаратына ақпараттық-талдау бөлімінің консультанты болып жұмысқа қабылданды.2004 жылы Мәжіліс аппараты ақпараттық-талдау бөлімінің құқықтық ақпарат, заңнаманы есепке алу және жүйелеу секторының меңгерушісі болып тағайындалды.2006 жылдың тамыз айында Қазақстанның ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры болып жұмыс істеді.Жанат Сейдуманов" Құрмет" орденімен, мерейтойлық, ресейлік және халықаралық медальдармен, сондай-ақ, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Саяси ғылымдар кандидаты, бес монографияның және 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы.